Skip to content

⚜️Ата – аналар апталығының жабылуы аясында «Жүректен шыққан алғыс –…

⚜️Ата – аналар апталығының жабылуы аясында «Жүректен шыққан алғыс – жырға айналған өмір»
атты сырласу сағаты жоғары деңгейде өтті .
Кешіміздің қадірлі қонақтары – айтыскер ақындар
Шынберген Сүлейменов пен Жұлдыз Қазихан,
сондай-ақ жас өнерпаз, әнші Бағлан Шынбергенұлы қатысып,көрерменге ерекше әсер сыйлады
Сырлы сұхбат барысында ақындар ағынан жарылып,
көптің көңілінен шығып, ыстық ықыласқа бөленді .
Кештің көркін ашқан әсем әндер де жүректерге жол тапты!
Тағылымы мол кездесуге ұстаздар мен оқушылар белсене қатысып,
рухани байлыққа кенелді .
Мектеп басшысы Алмагүл Қуанышбайқызы
қонақтарымызға алғыс білдіріп, құрмет көрсетті .
Сырласу сағатын жоғары деңгейде жүргізген
Гүлдана Серікқызы мен Гүлжахан Амангелдіқызына ерекше алғыс!
Осындай мәні зор, жүрекке жылу сыйлаған кездесулер көп болсын!
Барша қатысушыларға шексіз алғыс білдіреміз