Ата-аналар апталығы аясында 09 сәуір күні 5–7 сыныптар арасында «Бақытты отбасы – бақытты бала» атты отбасылық сайыс жоғары деңгейде өтті 💫
Іс-шараның басты мақсаты – ата-ана мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты нығайту, отбасы құндылықтарын дәріптеу.
👨👩👧👦 Сайыс барысында қатысушы отбасылар:
✨ «Таныстыру» бөлімінде өздерін ерекше таныстырып,
🎨 «Шебер отбасы» бөлімінде «Менің арманымдағы отбасы» тақырыбында постер қорғап,
🧠 «Зерделі отбасы» кезеңінде логикалық сұрақтарға жауап беріп,
🎭 «Өнер» бөлімінде өз таланттарын паш етті.
Әр отбасы бірлігі мен татулығын, шығармашылығы мен шеберлігін көрсете білді. Іс-шара әсерлі де мазмұнды өтті 🌟
Отбасы – әр адамның жүрегіндегі ең қымбат қазына, мейірім мен жылулықтың мекені ❤️
Осындай игі шаралар ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге үлкен үлес қосады.
Барша қатысушыларға алғыс білдіреміз!
Отбасыларыңызға амандық, бақыт және береке тілейміз 🤍
📌 Ұйымдастырушылар:
мектеп логопеды Алекенова Н.А.
әлеуметтік педагог Туреханова Н.Д.
KZ

