⚜️Ата-аналар апталығы аясында 07 сәуір күні «Ер-батыр» ер балалар клубының жетекшісі Б.Сәдіровтың ұйымдастыруымен “Ата тәрбиесі – ер азамат негізі” тақырыбында аталардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Кездесуде ұлттық құндылықтар, әкелер мен аталардың ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі, намыс пен жауапкершілік мәселелері талқыланды. Шараның басты мақсаты – қазақы дәстүрге сай адал, өжет және отансүйгіш ер азамат тәрбиелеуге бағытталды. Дөңгелек үстелге мектебіміздің ата-анасы, «Аталар» кеңесінің төрайымы Жолдыбаев Серік атамыз қатысып, жастардың бойында ұлттық құндылықтар мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, ер азаматтың қоғамдағы рөлі, ел алдындағы борышы және отбасындағы жауапкершілігі кеңінен түсіндірілді. Оқушылар сұрақтар қойып, шараға белсенді қатысты. Шараға қатысқан Жолдыбаев Серік атамызға мектеп әкімшілігі атынан алғыс білдіреміз.
⚜️Ата-аналар апталығы аясында 07 сәуір күні «Ер-батыр» ер балалар клубының…

KZ
