Skip to content

⚜️Ашық есік күні – ата-ана мен мектеп арасындағы сенімді көпір!…

⚜️Ашық есік күні – ата-ана мен мектеп арасындағы сенімді көпір!
Мектебімізде өткен Ашық есік күні аясында ата-аналарымыз сабақтарға қатысып, оқу үдерісімен жақын танысу мүмкіндігіне ие болды.
Ата-аналардың шынайы пікірлерінен:
💬 «Сабақтар өте қызықты әрі заманауи әдістермен өткізілді.»
💬 «Мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен балаларға деген ықыласы ерекше байқалады.»
💬 «Баламыздың сабақтағы белсенділігін өз көзімізбен көріп, қуанып қалдық.»
💬 «Мектеп пен ата-ана арасындағы байланыс осындай шаралар арқылы нығая түседі.»
Бұл пікірлер – біздің жұмысымыздың басты бағасы және алға қойған мақсаттарымыздың дұрыс бағытта екенін көрсетеді.
🤝 Біз үшін әрбір ата-ананың пікірі маңызды!
📚 Бала болашағы – ортақ жауапкершілік!