⚠️ Ақтөбе облысы ТЖД ескертеді!
Құрметті тұрғындар!
Күтілетін дауылды ескертуге және желдің күшеюіне байланысты дала және орман өрттерінің туындау қаупі артады.
Өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауларыңызды сұраймыз:
🔹 құрғақ шөп пен қоқысты өртеуді жүргізбеу;
🔹 ашық аумақта от жақпау;
🔹 сөндірілмеген темекі тұқылдары мен сіріңкелерді тастамау;
🔹 жанғыш материалдарды күн астында қалдырмау;
🔹 отпен жұмыс істеу кезінде ерекше сақтық сақтау.
Есіңізде болсын: қатты жел кезінде тіпті шағын от тұтануы да ірі өртке және ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.
Өрт анықталған жағдайда дереу 101 немесе 112 нөмірлеріне хабарласыңыз.
Өзіңізді, жақындарыңызды және табиғатты қорғаңыз!

KZ


