🏫Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес 2026 жылдың 19 наурыз күні Ілияс Есенберлин атындағы №15 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Василиева Айгүл Максимқызының жетекшілігімен “Бастауыш мектептегі зерттеу жобалары: мұғалім тәжірибесінен мысалдар” тақырыбындағы облыстық шығармашылық шеберханасының ІІІ отырысы өтті.
Шара қатысушыларды тіркеуден басталып, Ілияс Есенберлин атындағы №15ОМ директоры А.Қ.Ешмағамбетова алғы сөз сөйлеп, мұғалімдердің тәжірибе алмасу алаңы ретіндегі мұндай кездесулердің маңыздылығына тоқталды.
🔰 Шара барысында қатысушыларға бастауыш сыныптарда зерттеу жобаларын ұйымдастырудың маңыздылығы таныстырылып, бұл тәсілдердің оқушылардың шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамытуға ықпал ететіні атап өтілді.
♻ Шара аясында педагогтерге тәжірибелік жұмыстар ұсынылып, жоба қорғау, зерттеу тапсырмалары, топтық жұмыс сияқты әдістерді сабақта тиімді қолдану жолдары көрсетілді. Сонымен қатар, қатысушылармен жобалық оқытуды енгізудің тиімді тәсілдері талқыланып, өзара тәжірибе алмасу жүзеге асты.
🌟 Шеберхана педагогтердің кәсіби тәжірибесін жетілдіруге ықпал етіп, бастауыш білім беруде зерттеу жобаларын тиімді қолданудың маңызын көрсетті.

KZ
