⚜️Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығында Ілияс Есенберлин атындағы №15 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Василиева Айгүл Максимқызының ұйымдастыруымен “Бастауыш мектептегі зерттеу жобалары: мұғалім тәжірибесінен мысалдар” тақырыбындағы облыстық шығармашылық шеберханасының ІV отырысы өткізілді.
Алғашқы бөлімінде Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының бөлім меңгерушісі, г.ғ.магистрі Жубаева Светлана Онайевна қатысушыларға сәттілік тілеп, мұғалімдердің кәсіби дамуы үшін шығармашылық алаңдардың маңыздылығына тоқталды.
🔰 «Көңілі көтеріңкі ұстаздың еңбегі де жемісті» тақырыбында тренинг өткізіліп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен мотивация сыйлады. Бұл тренинг педагогтердің креативті ойлауын дамытуға және шығармашылық атмосфера қалыптастыруға бағытталды.
Шара барысында қатысушыларға бастауыш сыныптарда зерттеу жобаларының маңыздылығы таныстырылып, бұл тәсілдердің оқушылардың шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамытуға ықпал ететіні атап өтілді.
♻ Шара аясында шеберхана мүшелері өз тәжірибелік жұмыстары ұсынылып, жоба қорғау, зерттеу тапсырмалары, топтық жұмыс сияқты әдістерді сабақта тиімді қолдану жолдары көрсеті

KZ
