⚜️Ақтөбе қаласының ТЖБ:
Құрметті ата-аналар!
Жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында хабарлаймыз: жыл сайын балалардың терезеден құлау фактілері тіркеліп, ауыр зардаптарға әкелуде.
Қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды сұраймыз:
ашық терезелер кезінде балаларды қараусыз қалдырмау;
терезелерге арнайы бекіткіштер мен шектеуіштер орнату;
маса торына сенбеу (ол баланың салмағын көтермейді);
терезе маңынан бала көтеріле алатын жиһаздарды алып тастау;
балаларға терезе мен балкон маңында ойнаудың қауіпті екенін түсіндіру.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балалардың өмірі мен денсаулығына ата-аналар (заңды өкілдер) жауапты екенін еске саламыз.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауларыңызды сұраймыз.

KZ
