⚜️Ағымдағы жылдың 26 наурыз күні мектебімізде «Сіздің балаңыз төтенше жағдайларға дайын ба?» атты ата-аналарға арналған сабақ өтті. Біздің мектептің Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталығында 5-9 сынып ата-аналарына «Сіздің балаңыз төтенше жағдайларға дайын ба?» тақырыбында сабақ өткізілді. Шараға ата-аналар, сынып жетекшілер қатысты. Сабақ барысында балаларды күтпеген және стресстік жағдайларға дайындаудың маңыздылығы, сондай-ақ экстремалды жағдайда дұрыс шешім қабылдаудағы эмоционалдық интеллектінің рөлі талқыланды. Ата-аналарға балалардың сенімін арттыру, эмоцияларды басқару және қиындықтарға тез бейімделу қабілетін дамыту бойынша практикалық кеңестер берілді. Бұл сабақ ата-аналарға балаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және оларды күрделі жағдайларда сабырлы болуға үйретуге көмектесті.
⚜️Ағымдағы жылдың 26 наурыз күні мектебімізде «Сіздің балаңыз төтенше жағдайларға…

KZ


