Skip to content

⚜️Балалардың суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері 🌊 Балаларды су айдындарының…

⚜️Балалардың суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері
🌊 Балаларды су айдындарының маңында қараусыз қалдырмаңыз;
🌊 Балалар тек ересектердің бақылауымен ғана шомылуы тиіс;
🌊 Шомылуға рұқсат етілген және арнайы жабдықталған орындарды таңдаңыз;
🌊 Бейтаныс және қауіпті жерлерде суға түсуге жол бермеңіз;
🌊 Қайықтар мен су көліктері жүретін аймақтарда шомылмаңыз;
🌊 Су ішінде бір-бірін итеруге, батыруға және қауіпті ойындар ойнауға болмайды;
🌊 Үрлемелі матрас пен шеңбер баланың қауіпсіздігіне толық кепіл болмайтынын есте сақтаңыз;
🌊 Терең жерге жүзуге және қоршау белгілерінен асып кетуге тыйым салынады;
🌊 Найзағайлы, желді ауа райында суға түспеңіз;
🌊 Қауіпті жағдай туындаса, дереу 112 нөміріне хабарласыңыз.
Құрметті ата-аналар!
Балалардың қауіпсіздігі – сіздің жауапкершілігіңізге байланысты. Бір сәттік қараусыздық орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін. Су жағасында балаларды үнемі бақылауда ұстаңыз!

Ақтөбе қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы.