📚 Бүгін 11-сынып оқушылары үшін қазақ тілі пәні бойынша жазбаша емтихан өткізілді.
Емтихан Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қорытынды аттестаттауды өткізу туралы нормативтік құжаттарына сәйкес ұйымдастырылып, білім алушылардың оқу сауаттылығы, жазбаша тілдік дағдылары, ойды жүйелі жеткізуі мен функционалдық сауаттылық деңгейін анықтауға бағытталды.
Түлектер емтихан барысында берілген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындап, алған білімдері мен дайындық деңгейлерін көрсетті.
Барлық бітіруші түлектерімізге сәттілік тілейміз! Еңбектеріңіздің жемісін көріп, жарқын болашаққа нық қадам басуларыңызға тілектеспіз! ✨

KZ
