🌞 Лагерьдегі жарқын күн
Мектеп жанындағы жазғы лагерьде балалар үшін тағы бір қызықты әрі мазмұнды күн өтті. Күн таңғы сергіту жаттығуларынан басталып, оқушылар көтеріңкі көңіл-күймен түрлі эстафеталық ойындарға қатысып, жылдамдықтары мен ептіліктерін сынады. Командалық жарыстар балалардың достығын нығайтып, ұйымшылдыққа тәрбиеледі.
Шығармашылық сағатында арт-терапия ұйымдастырылып, балалар өз қиялдарын қағаз бетіне түсіріп, түрлі-түсті суреттер салды. Әр туындыдан балғын көңіл мен ерекше ой көрініс тапты.
Сонымен қатар музыка сабағында оқушылар әртүрлі аспаптармен танысып, олардың әуезді үнін тыңдап, музыкалық қабілеттерін дамытты. Әсем әуен мен көтеріңкі көңіл-күй лагерь күніне ерекше сән берді.
✨ Балалардың күлкісі мен шаттығы, шығармашылығы мен белсенділігі тоғысқан бұл күн барша қатысушылардың жадында жарқын естелік болып қалары сөзсіз! #ЖазғыЛагерь #БақыттыБалалықШақ #Шығармашылық #АртТерапия #МузыкаСабағы ЭстафеталықОйындар

KZ
