Skip to content

📢 Балалар құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Әліби Латып және Балалар…

📢 Балалар құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Әліби Латып және Балалар құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Айгүл Нұркееваның бірлескен үндеуі

Құрметті ата-аналар!

Жазғы каникулда балалардың бос уақыты көп, демек олардың қауіпсіздігі үшін ересектердің жауапкершілігі де арта түседі.

Өкінішке орай, жаз мезгілінде балалардың суға кетуі, жол апатына ұшырауы, терезеден құлауы сияқты оқиғалар жиілейді. Көбіне мұндай жағдайлар ересектердің бақылауының жеткіліксіздігі және қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан болады.

📌 Сондықтан ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмау өте маңызды. Әсіресе кешкі және түнгі уақытта балалардың ересектердің сүйемелдеуінсіз жүруіне жол бермеңіз.

🚦 Балаларыңыздың назарына жолдағы қауіпсіздік ережелерін үнемі еске салып отырыңыз. Жалғыз шомылуға болмайтынын, тек арнайы рұқсат етілген және құтқарушылар бақылауға алған жерлерде ғана суға түсу керектігін түсіндіріңіз.

🌐 Интернет қауіпсіздігін де ұмытпаңыз. Балалардың кіммен сөйлесіп жүргенін, қандай сайттарға кіретінін бақылап, бейтаныс адамдарға жеке мәлімет бермеу керектігін ескертіңіз.

❗️ Терезелердегі маскит торы қауіпсіздік құралы емес, арнайы құлыптар орнатыңыз.

Баланы�