⚜️Лагерьдің 4-күні – таным мен тағылымға толы күн! 🌟
Бүгін мектеп жанындағы лагерьдің төртінші күні туған өлкенің тарихы мен мәдениетін танып-білуге арналды. Балалар қаламыздағы Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейіне барып, құнды жәдігерлермен танысып, өткен тарихымыз туралы мол мағлұмат алды.
Күн дәстүр бойынша сергітетін таңғы жаттығумен басталып, балалар дәмді ас ішіп, таза ауада тынығып, көтеріңкі көңіл-күймен уақыт өткізді. Сонымен қатар түрлі қызықты ойындарға қатысып, белсенділік танытып, достарымен көңілді сәттерге бөленді.
Музейге саяхат балалардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге баулыды. Әсерлі экскурсия мен қызықты ойындарға толы бұл күн лагерь қатысушыларының жадында жарқын естелік болып қалары сөзсіз!
#ЖазғыЛагерь #Лагерь2026 #МузейКүні #ТарихқаСаяхат #БалаларДемалысы Ақтөбе БақыттыБалалықШақ 🌿✨

KZ
