Skip to content

⚜️2025–2026 оқу жылының қорытындысына арналған әдістемелік кеңес отырысында мектептің соңғы…

⚜️2025–2026 оқу жылының қорытындысына арналған әдістемелік кеңес отырысында мектептің соңғы үш жылдағы білім сапасы мен оқу жетістіктеріне SWOT талдау жасалып, негізгі көрсеткіштер сараланды.
Отырыс барысында әдістемелік бірлестік жетекшілері бірлестіктердің жыл бойы атқарған жұмыстары бойынша есеп беріп, оқу жылының қорытындыларын таныстырды. Пәндік олимпиадалар, ғылыми жобалар, шығармашылық және зияткерлік байқаулардағы жетістіктер, педагогтердің кәсіби дамуы мен әдістемелік жұмыстардың нәтижелері талқыланды.
Сонымен қатар, қол жеткізілген жетістіктер мен кездескен қиындықтар сараланып, алдағы оқу жылына арналған басым бағыттар мен нақты міндеттер айқындалды.
✨ Бірлескен еңбек пен жүйелі жұмыстың нәтижесін қорытындылаған кеңес мектептің одан әрі даму жолдарын белгілеуге мүмкіндік берді.