⚜️1 Маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын! 🎈
Бүгін мектебімізде жазғы демалыстың жарқын бастауына айналған мектеп жанындағы лагерь мен ойын алаңының салтанатты ашылуы өтті.
Балалардың шат күлкісі, көтеріңкі көңіл-күйі мен қуанышты жүздері мерекенің ерекше сәнін келтірді. Ашылу салтанатында түрлі ойындар ұйымдастырылып, қызықты бағдарламалар ұсынылды. Сонымен қатар, “Халық банк” АҚ , “Айс” мк және мектебіміздің ата -аналары Жұбатырова Сәбира, Тұқыбаев Зиядин, Аманова Нұргүл демеушілік танытып балаларымызға тәттілер, балмұздақтар таратты. Бүлдіршіндерімізге қуаныш сыйлаған, жүрегі кең демеушілерімізге алғысымыз шексіз. Ойын алаңы бүлдіршіндердің қауіпсіз әрі көңілді демалуына мүмкіндік берсе, жазғы лагерь олардың бос уақытын тиімді өткізіп, жаңа достар тауып, қызықты естеліктер жинауына жағдай жасайды.
Балалар – біздің болашағымыз. Сондықтан олардың бақытты балалық шағы мен жан-жақты дамуына қолайлы орта қалыптастыру – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Барша балақайларға көтеріңкі көңіл-күй, қызықты демалыс, жарқын әсерлер мен ұмытылмас жаз тілейміз!
☀️ Жазғы демалысқа қош келдіңіздер! 🎉 Мереке құтты болсын!
#1Маусым #БалалардыҚорғауКүні #ЖазғыЛагерь #

KZ
