⚜️Мектебімізде кезекті №6 педагогикалық кеңес отырысы өткізілді.
Педагогикалық кеңес барысында білім беру үдерісіндегі маңызды мәселелер қаралып, оқу жылының қорытынды кезеңіне байланысты бірқатар өзекті тақырыптар талқыланды.
Күн тәртібінде:
✅ Аралық аттестаттау емтихандарының қорытындысы;
✅ Мамандардың бір жыл көлемінде атқарған жұмыстары бойынша есептері тыңдалды.
Кеңес қорытындысында 5–8, 10-сыныптардың білім мен тәртіпте үздік нәтиже көрсеткен 48 оқушысын мақтау қағазымен марапаттау туралы қаулы қабылданды.
Білім сапасын арттыру жолында жүйелі еңбек етіп жүрген педагогтерімізге алғыс білдіреміз. Оқушыларымызға жаңа белестер мен толағай табыс тілейміз! 👏📚
KZ


