Skip to content

📚 Қазақ тілі пәні бойынша аралық аттестаттау өткізілді. ✅Мектебімізде Қазақстан…

📚 Қазақ тілі пәні бойынша аралық аттестаттау өткізілді.

✅Мектебімізде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығымен бекітілген «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес қазақ тілі пәні бойынша аралық аттестаттау ұйымдастырылып өткізілді.

✅Аталған қағиданың 35-тармағына сәйкес, негізгі орта (5–8 сыныптар) және жалпы орта (10 сынып) білім беру деңгейлерінде қазақ тілінде оқытатын мектептерде «Қазақ тілі» пәні бойынша, ал өзге тілде оқытатын мектептерде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша емтихан тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдыларын бағалау мақсатында жазбаша форматта өткізіледі.

Аралық аттестаттау барысында білім алушылардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі, сауатты жазу, мәтінді түсіну, өз ойын жүйелі жеткізу және тілдік нормаларды қолдану дағдылары бағаланды. Оқушылар берілген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындап, өз білім деңгейлерін көрсете білді.
Білім сапасын арттыруға бағытталған бұл маңызды кезеңде барлық білім алушыларымызға сәттілік тілейміз! ✨