Skip to content

⚜️Бүгін, 25 мамыр күні оқу жылының аяқталуына байланысты еліміздің мектептерінде…

⚜️Бүгін, 25 мамыр күні оқу жылының аяқталуына байланысты еліміздің мектептерінде салтанатты шаралар ұйымдастырылды. Ілияс Есенберлин атындағы №15 орта мектебінде «Бүгінгі түлек – ертеңгі үміт» атты мерекелік жиын өтті. Мектеп ауласында өткен салтанатты жиынға 9 сынып оқушылары, 11 сыныптың түлектері мен мектеп ұстаздары, ата-аналар және қонақтар қатысты. Шара барысында білім ошағына жиылған қауымға мектеп директоры Ешмағамбетова Алмагүл Қуанышбайқызы баяндама жасап, оқу ордасының жетістіктерімен бөлісті. Сонымен қатар Алматы ауданы, «Ақсақалдар» кеңесінің мүшесі, мектебімідің «Аталар» кеңесінің төрайымы Жолдыбаев Серік және “Ақтөбе облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы” Мемлекеттік Мекемесінің басшысы Махамбетов Мейрамбек Жанбулатович қатысып мектеп түлектеріне жүрек жарды лебіздерін бідірді. Оқушылардың қауіпсіздігін сақтау бойынша Ақтөбе қаласы ПБ Алматы ауданы №2 Қалалық полиция бөлімі қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығының орынбасары полиция майоры Т.Н.Ахметов оқушыларға құқықбұзушылық, қауіпсіздік шаралары бойынша хабарлама жасады. Шара соңында мектеп түлектерін оқу жылының аяқталуымен құттықтап, үлкен өмір жолына қанат қаққан түл