⚜️Мектебімізде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында қаламызда өтіп жатқан екі айлық тазалық науқанына орай мектеп аумағына гүлдер отырғызылды. Осы игі іске атсалысқан 4 және 9-сынып оқушыларына, сынып жетекшілеріне, биология пәні мұғалімдеріне және ата-аналарға алғысымызды білдіреміз.
🔹 Акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, тұрғындар үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру, сондай-ақ азаматтардың экологиялық мәдениеті мен жауапкершілігін арттыру.
🔹 Аталған бастама қоғамда тазалықты сақтау, табиғатты аялау және қоғамдық мүлікке ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
🔹 Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясына баршаңызды белсенді қатысып, туған жерімізді бірге көркейтуге шақырамыз!
#ТазаҚазақстан2026
#ТазаҚазақстанАқтөбе2026
KZ


