⚜️Мектебімізде дәстүрлі әдеп сызығы өткізілді. Жиын барысында оқу-тәрбие жұмыстары бойынша маңызды ақпараттар айтылып, білім алушыларға тәртіп пен жауапкершіліктің маңызы түсіндірілді.
Сондай-ақ, оқу-далалық жиыннан оралған жас сарбаздарымыздың әскери дайындықтағы белсенділіктері мен үлгілі тәртіптері үшін марапаттар табысталды. 11 «Ә» сыныбының оқушыларына белсенділіктері үшін Алғыс хат табысталды.
KZ


