⚜️2026 жылдың 21 мамыр күні мектебіміздің мектепалды даярлық “А” сыныбының ұйымдастыруымен “Біріншіге барамын” атты әсерлі концерттік бағдарлама өтті ✨
Балдырғандарымыз ән айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Бір жыл бойы алған білімдері мен тәрбиелерін паш еткен бүлдіршіндеріміз үшін бұл күн ерекше есте қаларлық сәт болды 💐
Алда оларды жаңа белес — 1-сынып күтіп тұр. Болашақ оқушыларымызға сәттілік, білімге деген құштарлық және жарқын жетістіктер тілейміз!
KZ

