⚜️2026 жылдың 19 мамыр күні «Өрлеу» БАҰО АҚФ жоспарына сай Ілияс Есенберлин атындағы №15 орта мектебінде тәлімгер Канаева Бакытгуль мен Тыныбекова Айнагул Иргизбаевнаның «Ғылыми жоба жазуда қойылатын талаптар мен ережелер» тақырыбында облыстық шеберхана отырысы өтті. Мақсаты: жас педагогтерге әдістемелік қолдау көрсетіп, олардың кәсіби бейімделуіне ықпал ету, өзара ынтымақтастық пен тәжірибе бөлісу мәдениетін қалыптастыру. Теориялық бөлімінде Узакбаева Карлыгаш тренинг өткізді, қатысушылардың белсенділігі артты. Абылаева Тамирис жасанды интеллект арқылы жасалатын «Quizbot»,» Roqed AI»платформалармен жұмыс көрсетті. Практикалық бөлімінде Б. Е. Канаева мен А. И. Тыныбекова ғылыми жоба жазуға қойылатын талаптар мен ережелер туралы жан-жақты ақпараттар ұсынды.Жас мамандар «Fliktop.com» платформасы арқылы ғылыми жобаны идеядан нәтижеге дейін жоспарлау кезеңдері бойынша сұрақтарға жауап берді. Кеңес Абылайхан «Padlet» тақтасы арқылы қатысушылардан кері байланыс алды.
⚜️2026 жылдың 19 мамыр күні «Өрлеу» БАҰО АҚФ жоспарына сай…

KZ
