Skip to content

⚜️2025–2026 оқу жылының екінші жарты жылдығында жас мамандармен жоспарға сәйкес…

⚜️2025–2026 оқу жылының екінші жарты жылдығында жас мамандармен жоспарға сәйкес бірқатар жұмыстар жүргізілді. Жас педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, тәжірибе алмасу және педагогикалық қолдау көрсету мақсатында түрлі әдістемелік кездесулер, семинарлар, тренингтер мен ашық сабақтар, “үздік жас маман-2026” байқаулары ұйымдастырылды.

Жас мамандар сабақ барысында заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануға, оқушылармен қарым-қатынас орнатуға және құжаттармен жұмыс жүргізуге бағытталған тәжірибелік көмек алды. Сонымен қатар тәлімгерлер тарапынан әдістемелік қолдау көрсетіліп, сабақтарға қатысу арқылы кері байланыс берілді.

Жарты жылдық барысында жас мамандар мектепішілік іс-шараларға белсенді қатысып, шығармашылық қабілеттерін таныта білді. Педагогтердің кәсіби дамуына ықпал ету мақсатында тимбилдинг, интеллектуалдық ойындар, пікір алмасу алаңдары ұйымдастырылды.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жас мамандардың педагогикалық тәжірибесі қалыптасып, кәсіби қызығушылығы мен жауапкершілігі арта түсті. Алдағы уақытта да жас педагогтерге жан-жақты қолдау көрсету жұмыстары жалғасын табады.