📢 ХАБАРЛАНДЫРУ
Құрметті ата-аналар мен заңды өкілдер!
2026 жылғы 18–22 мамыр аралығында 7–11 жас аралығындағы білім алушыларды 2025–2026 оқу жылына арналған мектеп жанындағы жазғы лагерьге жіберу үшін құжат қабылдау жүргізіледі.
🕘 Құжаттар дүйсенбі–жұма күндері сағат 09:00–17:00 аралығында қабылданады.
📌 ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:
1️⃣ Өтініш берушінің жеке куәлігінің көшірмесі.
2️⃣ Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі.
3️⃣ Әлеуметтік мәртебесін растайтын құжаттардың көшірмелері:– әлеуметтік төлқұжат (eGov қосымшасы арқылы);– ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік;– некені бұзу туралы куәлік;– жалғызбасты ана немесе әке екенін растайтын анықтама;– көпбалалы отбасы екенін растайтын құжат.
4️⃣ АӘК (АСП) алатынын растайтын анықтама (eGov арқылы).
Ескерту: АӘК (АСП) алатын отбасылар тек:– АӘК анықтамасын;– жеке куәлік көшірмесін;– баланың туу туралы куәлік көшірмесін тапсырады.
5️⃣ Ата-анасының немесе заңды өкілінің табысы туралы анықтама:– жұмыс істейтін жағдайда — соңғы 6 айдағы жалақысы туралы анықтама;– жұмыссыз болған жағдайда — жұмыспен қамту орталығынан жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама.
Заңды ажырасқан отбасы алимент алатындығы немесе алмайтындығы туралы сот орындаушыдан анықтама
⚠️ Маңызды ақпарат:– Отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы 50 851 теңгеден аспауы тиіс.– Құжаттар толық тапсырылған жағдайда ғана қабылданады.– Белгіленген мерзімнен кеш тапсырылған өтініштер қабылданбайды.
📌 НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!Жалған ақпарат немесе жалған құжат тапсырған жағдайда, жазғы лагерьге жіберілмейді. Жалған құжат тапсырған ата-ана Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
📲 ХҚКО-ға (ЦОН) барудың қажеті жоқ. Барлық қажетті анықтамаларды eGov порталы немесе eGov mobile қосымшасы арқылы алуға болады.
KZ


