Skip to content

⚜️2026 жылғы 16 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кітап оқу…

⚜️2026 жылғы 16 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру бағытындағы бастамаларды ерекше атап өтті. Бұл – өскелең ұрпақтың білімге құштар болып, рухани дамуына жол ашатын маңызды қадам.

Кітап – адамзаттың сарқылмас қазынасы, рухани байлықтың бастауы. Кітап оқу арқылы адам ой-өрісін кеңейтіп, мәдениеті мен дүниетанымын дамытады. Сондықтан әрбір жас ұрпақ кітапты серік етіп, білімге ұмтылуы қажет.

«Кітап оқыған адам – уақыттан озады» деген сөз бекер айтылмаған. Зерделі ұлт қалыптастырудың басты жолы – кітап оқу мәдениетін дамыту.
#aktobeschool_15