⚜️2025-2026 оқу жылының қорытындысы бойынша мектебіміздің 10-сынып оқушылары (ер балалар) дәстүрлі оқу-далалық жиынына қатысуда оқу-жаттығу жұмыстары Ф.Оңғарсынова атындағы №41 жалпы білім беретін орта мектебі базасында өтуде.
Жиынның мақсаты мен бағдарламасы:
Шараның басты мақсаты — жасөспірімдерді әскери қызметке дайындау, тәртіпке баулу және отансүйгіштік рухын шыңдау.
Бес күн ішінде оқушыларды не күтеді?
Әскери тәртіп: Оқушылар арнайы батальон, рота және взводтарға бөлініп, әскери өмірдің қыр-сырын меңгереді.
Спорттық сынақтар: 100 және 1500 метрге жүгіру, биік кермеге тартылу.
Шеберлік: Пневматикалық винтовкадан оқ ату бойынша жарыстар.
Тағылым: «Ерлік сабақтары», патриоттық фильмдер көрсетілімі мен мазмұнды кездесулер.
Қатысушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қадағалау мақсатында ішкі істер бөлімі, денсаулық сақтау басқармасы және төтенше жағдайлар басқармасының мамандары мен техникалары тартылады. Оқушыларды тасымалдау кезінде жол қауіпсіздігін патрульдік полиция қызметкерлері қамтамасыз етеді. Оқушыларға арнайы асханаларда үш мезгіл ыстық тамақ ұйымдастырылды.
Жас сарбаздарымызға сәттілік тілейміз! Қадамдарың нық, рухтарың асқақ болсын!
KZ

