⚜️ 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай мектебімізде 1–11 сынып оқушылары арасында тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Тәрбие сағаттарының мақсаты – оқушыларға Ұлы Отан соғысының тарихын таныстыру, ардагерлердің ерлігі мен қажырлы еңбегін үлгі ету, елін сүйетін патриот азамат тәрбиелеу.
Сабақ барысында оқушылар Жеңіс жолында жанқиярлық танытқан батырлар туралы мәліметтер айтып, олардың ерлігіне құрмет көрсетті. Сонымен қатар бейбіт өмірдің қадірі, татулық пен бірліктің маңызы туралы ой-пікірлер айтылды. Оқушылар патриоттық әндер оқып, тақырыпқа байланысты бейнероликтер тамашалады.
Ұлы Жеңіс – халқымыздың батырлығы мен қайсар рухын айқындайтын тарихи мереке. Осындай тағылымды шаралар арқылы жас ұрпақтың ел тарихына деген құрметі артып, отансүйгіштік сезімі нығая түсті.
KZ






