Skip to content

⚜️Мектебімізде кәсіби бағдар беру маманы оқушыларға «Құндылықтар – өмірдің басты…

⚜️Мектебімізде кәсіби бағдар беру маманы оқушыларға «Құндылықтар – өмірдің басты бағдары» тақырыбында 5 минуттық түсіндірме жұмысын жүргізді. Іс-шара барысында оқушыларға адам бойындағы адамгершілік, адалдық, жауапкершілік, еңбекқорлық, сыйластық сияқты маңызды құндылықтардың маңызы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, дұрыс құндылықтарды ұстану болашақ мамандық таңдауда және өмірде өз орнын табуда үлкен рөл атқаратыны айтылды.

Маман оқушыларды өз мақсаттарына сенімді қадам жасауға, уақытты тиімді пайдалануға және қоғамға пайдалы тұлға болуға шақырды. Кездесу барысында оқушылар белсенділік танытып, өз ойларымен бөлісіп, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды. Мұндай тәрбиелік маңызы зор түсіндірме жұмыстары оқушылардың рухани дамуына және кәсіби бағыт-бағдарын айқындауына оң әсерін тигізеді.