⚜️ 6 мамыр күні мектебімізде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында бейсенбілік ұйымдастырылды.
Қаламызда өтіп жатқан екі айлық тазалық науқанына орай мектеп оқушылары мен биология пәні мұғалімдерінің қатысуымен мектеп аумағына тал көшеттері отырғызылды. Оқушылар табиғатты қорғау жұмыстарына белсене қатысып, қоршаған ортаны таза ұстаудың маңызын көрсетті.
🔹 Акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, тұрғындар үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру, сондай-ақ азаматтардың экологиялық мәдениеті мен жауапкершілігін арттыру.
🔹 Аталған бастама қоғамда тазалықты сақтау, табиғатты аялау және қоғамдық мүлікке ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
🔹 Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясына баршаңызды белсенді қатысып, туған жерімізді бірге көркейтуге шақырамыз! 🌿
#ТазаҚазақстан2026
#ТазаҚазақстанАқтөбе2026
KZ

