Skip to content

⚜️Мектебімізде әр дүйсенбі сайын өткізілетін дәстүрлі «Әдеп сызығы» — оқушылардың…

⚜️Мектебімізде әр дүйсенбі сайын өткізілетін дәстүрлі «Әдеп сызығы» — оқушылардың тәртібі мен мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды шара.
Сонымен қатар, аптаның жағымды жаңалықтары да назардан тыс қалмайды.

Пенчак силаттан жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында тандинг бағыты бойынша 9 «А» сынып оқушысы Оразалыев Барак Канатович І орын иеленіп, алтын медальмен марапатталды.

11 «Ә» сынып оқушысы Әділханов Әли Қайратұлы ІІІ орынға ие болып, қола медальмен марапатталды.

Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Р. Есеналин атынан жеткен жетістіктеріңіз құтты болсын!
Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыра берулеріңізге тілектеспіз!

🔹 Апта бойы белсенділік танытып, тәртібімен және үлгілі мінезімен ерекшеленген оқушылар қорытындыда марапатталып, өзгелерге үлгі ретінде таныстырылады.
🔹 «Әдеп сызығы» — оқушылардың жауапкершілігін арттырып, ынтасын көтеруге ықпал ететін маңызды дәстүр.