Skip to content

⚜️Мектебімізде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы – адал және әділ бол» тақырыбында…

⚜️Мектебімізде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы – адал және әділ бол» тақырыбында тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың бойында адалдық, әділдік, парасаттылық сияқты құндылықтарды қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту болды.

Тәрбие сағаттары барысында оқушыларға адал еңбектің маңызы, әділ шешім қабылдаудың қажеттілігі және кез келген жағдайда парақорлық пен әділетсіздікке жол бермеу керектігі түсіндірілді. Сынып жетекшілері өмірден алынған мысалдар келтіре отырып, қоғамда адалдық пен әділдіктің маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Сонымен қатар, оқушылармен пікір алмасу жүргізіліп, сұрақ-жауап арқылы олардың ой-пікірлері тыңдалды. Балалар өз көзқарастарын білдіріп, тақырып бойынша белсенділік танытты. Мұндай тәрбиелік іс-шаралар жас ұрпақты адал, әділ және жауапкершілігі жоғары азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.