⚜️1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні.
Бүгін мектебімізде «Көңілді қоңырау» уақыты ұйымдастырылды.
Бұл мереке елімізде өмір сүріп жатқан барлық ұлт пен ұлыстың өзара сыйластығын, татулығын және достығын дәріптейді. Қазақстан – көпұлтты мемлекет, сондықтан халықтар арасындағы келісім мен бірлік – ел дамуының басты кепілі болып табылады.
Бұл күні ел көлемінде түрлі мәдени, тәрбиелік іс-шаралар өткізіліп, достық пен ынтымақтың маңызы кеңінен насихатталады. Оқушылар көтеріңкі көңіл-күйде ән айтып, би билеп, мерекелік шараға белсене қатысты.
Бірлік бар жерде – береке, татулық бар жерде – тұрақтылық орнайды.
Ұйымдастырушылар: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Б.Арызғұлова және кітапхана меңгерушісі Г.А.Нұрғалиева.
KZ

