⚜️5-сынып ата-аналарымен «Жасөспірімдермен қарым-қатынас құпиялары» тақырыбында мазмұнды кездесу өткізілді.
Кездесу барысында жасөспірім мінезінің ерекшеліктері, олардың ішкі жан дүниесін түсіну, сенімді қарым-қатынас орнату жолдары және балаға қолдау көрсетудің тиімді тәсілдері талқыланды. Ата-аналар бала тәрбиесіндегі сабырлылықтың, түсіністіктің және ашық сөйлесудің маңыздылығына тоқталды.
Мақсаты – ата-аналарға жасөспірім кезеңінің психологиялық ерекшеліктері туралы түсінік беру, отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайту, бала мен ата-ана арасындағы сенімді қарым-қатынасты қалыптастыру.
Осындай пайдалы кездесулер бала болашағына бірге қадам жасауға мүмкіндік береді. 🤝📚
#АтаАнаЖиналысы #5Сынып #Жасөспірім #Тәрбие #МектепПсихологыБалаТәрбиесі
KZ


