⚜️29 сәуір күні “Ата-аналарды қолдау институтының” кезекті жиналысы өтті. Жиналыстың негізгі мақсаты – ата-аналар мен білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту, бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелерді талқылау және тиімді шешу жолдарын қарастыру болды.
Іс-шара барысында қатысушылар балалардың психологиялық саулығы, қауіпсіздігі, оқу мотивациясын арттыру, сондай-ақ цифрлық ортадағы тәрбие мәселелері жөнінде пікір алмасты. Ата-ана мен бала арасындағы , отбасыдағы жағымды қарым-қатынасты қалыптастырудың маңыздылығы жөнінде әңгіме қозғалды.
Жиналыс ашық диалог форматында өтіп, ата-аналар өз сұрақтарын қойып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Нәтижесінде қатысушылар бала тәрбиесінде бірлескен жұмыстың маңыздылығын түсініп, алдағы уақытта да осындай кездесулерді тұрақты түрде өткізу қажеттігін атап өтті.
KZ


