Skip to content

⚜️“Таза Қазақстан» тұжырымдамасы мен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде…

⚜️“Таза Қазақстан» тұжырымдамасы мен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде ағымдағы жылдың 29 сәуір күні Республикалық ағаш егу челленджіне мектеп оқушылары мен түлектері өз үлестерін қосты.
Аталған шараның негізгі мақсаты — түлектерді қоршаған ортаны қорғау ісіне тарту, олардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру.

Экологиялық бастамаға Алматы ауданы әкімдігі өкілдері, №2 ҚПБ басқармасының мамандары мен мектебіміздің ата-аналары, «Ақсақалдар», «Әжелер» қауымының мүшелері, мектебіміздің оқушылары, «Жас сақшы» кадет класы және 11-сынып оқушылары белсене қатысып, мектеп ауласына ағаш көшеттерін отырғызды. Сонымен қатар құстарға қамқорлық көрсету, жанашырлық таныту мақсатында ата – аналар мен балалар құстарға арнап ұя жасап, олардың тамақтануына ыңғайлы етіп ағашқа орналастырылды. Мұндай жылы әрі қонымды ұялар құстар үшін көктемгі мезгілде аса қажет.

Шара барысында оқушылар табиғатты қорғаудың маңыздылығын түсініп, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарау қажеттігін іс жүзінде көрсетті. Аталған акция жас ұрпақтың экологиялық санасын қалыптастыруға және туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттыруға өз үлесін қосты. Акцияға қатысқан баршаңызға алғыс білдіреміз.