⚜️ 📚✨ 23.04.2026 күні мектебімізде мектепішілік шеберханалардың қорытынды отырысы өтті.
🔹 «Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға арналған STEAM тапсырмалары: шығармашылық пен ғылымды ұштастыру»
Шеберхана жетекшісі:
Зардыхан Мугалима
🔹 «Цифрлық дәуірдегі мұғалім: оқу сапасын арттыруға бағытталған заманауи әдіс-тәсілдер»
Шеберхана жетекшісі:
Жолдыбаева Г.С.
🔹 «Оқу процесінде жасанды интеллект мүмкіндіктері»
Шеберхана жетекшісі:
Смадиллаева Г.С.
тақырыптарында жүргізілген шеберханалар өз жұмысын қорытындылап,
📌 “Ұстаздар алаңы: Идеядан іске” тақырыбында жалғасын тапты.
Шеберхана мүшелері белсенділік танытып, тың идеяларымен және тәжірибелерімен бөлісті .
Мектеп басшысы Ешмағамбетова А.Қ. және директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Васильева А.М. шеберхана жетекшілерін алғыс хаттармен, ал қатысушы ұстаздарды сертификаттармен марапаттады.
✨ Ізденіс пен жаңашылдық жолындағы әрбір қадам — сапалы білім кепілі!
#ҰстаздарАлаңы #Шеберхана #STEAM #ЦифрлықМұғалім #ЖасандыИнтеллект
KZ

