⚜️Бүгін 2026 жылғы 20 сәуір күні І.Есенберлин атындағы КММ №15 орта мектебі базасында «Жас сақшы» кадет сыныбының және 9–11-сынып оқушыларының қатысуымен құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесуге Ақтөбе қаласы ПБ Алматы ауданы №3 ҚПБ полиция капитаны Ж.А. Мустаков қатысты.
Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, мектепке алып келуге тыйым салынған заттарды (кастет, суық қару және т.б.) әкелмеу және қолданбау, электронды темекі мен есірткі заттарының таралуының алдын алу, ұрлық пен бопсалауға жол бермеу, жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруінің алдын алу және қауіпсіздік шараларын сақтау мәселелері түсіндірілді.
#ЗаңменТәртіпАқтөбе2026
KZ


