Skip to content

⚜️ Бүгін, 18 сәуір күні мектебімізде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы…

⚜️ Бүгін, 18 сәуір күні мектебімізде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында қаламызда өтіп жатқан екі айлық тазалық науқанына орай мектеп директоры А.Қ. Ешмағамбетова, мектеп ұстаздары және 8-сынып оқушылары бірігіп, мектеп аумағын тазалау, абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, ағаш отырғызды. Барлық қатысушылар бұл игі іске белсенді атсалысты.

🔹 Акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, тұрғындар үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру, сондай-ақ азаматтардың экологиялық мәдениеті мен жауапкершілігін арттыру. Бұл бастама қоғамда тазалықты сақтау, табиғатты аялау және қоғамдық мүлікке ұқыпты қарау қағидаларын нығайтуға бағытталған.

🔹 Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясына баршаңызды белсенді қатысуға және туған жерімізді бірге көркейтуге шақырамыз!

#ТазаҚазақстан2026
#ТазаҚазақстанАқтөбе2026