Skip to content

⚜️Мен, Узакбаева Карлыгаш Балтабаевна, еңбек жолымды Ілияс Есенберлин атындағы №15…

⚜️Мен, Узакбаева Карлыгаш Балтабаевна, еңбек жолымды Ілияс Есенберлин атындағы №15 ОМ-де дене шынықтыру пәні мұғалімі ретінде бастадым.
Ұстаздық жолдың алғашқы қадамдары мен үшін үлкен жауапкершілік пен үздіксіз ізденісті талап етеді. Әр сабағымда оқушылардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, оларды салауатты өмір салтын ұстануға, спортқа деген қызығушылығын арттыруға бар күш-жігерімді саламын.
Осы жолда маған бағыт-бағдар беріп, қолдау көрсетіп жүрген тәлімгерім – Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі Канаева Бакытгуль Еркиновна. Оның тәжірибесі, ақыл-кеңестері мен кәсіби қолдауы мен үшін аса маңызды әрі құнды.
Алдағы уақытта өз білімімді жетілдіріп, заманауи әдіс-тәсілдерді меңгеріп, оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беретін білікті ұстаз болуға ұмтыламын. Ең басты мақсатым – дені сау, белсенді, рухы мықты ұрпақ тәрбиелеу.