⚜️Жемқорлықпен күресу – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Осы бағытта ұйымдастырылған «Жемқорлықпен күресу» облыстық апталығы аясында мектебімізде түрлі мазмұнды сынып сағаттары өткізілді.
5-8 сынып оқушылары арасында өткен «Адалдық – адамдықтың белгісі» атты сынып сағатында оқушылар адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі – адалдық екенін ұғынып, түрлі жағдаяттар арқылы өз көзқарастарын білдірді.
9-11 сынып оқушыларына арналған «Жемқорлықсыз болашақ – біздің таңдауымыз» тақырыбындағы тәрбие сағатында қоғамдағы жемқорлықтың зияны кеңінен талқыланып, жастардың саналы ұрпақ ретінде әділдік пен тазалықты таңдауының маңыздылығы айтылды.
Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар жас ұрпақтың бойында адалдық, әділдік және жауапкершілік қасиеттерін қалыптастырып, жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға өз үлесін қосады.
KZ


