⚜️Бүгін, 09 сәуір күні мектебіміздің Ақпарат фракциясының ұйымдастыруымен «Ғарышқа саяхат» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Мерекелік шараға 5–6 сынып оқушылары қатысып, «Ер-Тұран» күйі шабыт ансамблінің орындауында кеш шымылдығы ашылды.
Кешті мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.Н. Балғалиев ашып, құттықтау сөз сөйледі.
Сонымен қатар, қазақ ғарышкерлері туралы бейнеролик көрсетілді.
Іс-шара барысында викториналық сұрақ-жауап айдары ұйымдастырылып, сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытқан оқушыларға тәтті сыйлықтар табысталды.
Сондай-ақ, «Ғарыш әлемі» атты суреттер мен макеттер жарысына 11 сурет және 4 макет ұсынылып, қатысушылар жоғары белсенділік танытты. Жарыс қорытындысы бойынша оқушылар Бас жүлде, І, ІІ, ІІІ орындармен марапатталды. Жеңімпаздарды мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары С.Н. Карагулова марапаттады.
Мерекелік кеште «Мен ғарышкер боламын» әні шырқалып, 4 «Ә» сыныбы «Кішкентай батыр» атты көрініс қойды. Сондай-ақ, 1–2 сынып оқушыларының орындауында «Қазақстаным – Отаным» әні ұсынылды.
Барлық қатысушыларға үлкен алғыс айтамыз!
KZ

