Skip to content

⚜️Даналық мектебі жобасы аясында және мектебімізде өтіп жатқан ата-аналар апталығы…

⚜️Даналық мектебі жобасы аясында және мектебімізде өтіп жатқан ата-аналар апталығы барысында 09 сәуір күні, «Әже өнегесі – қызға мұра» тақырыбында «Әжелер» кеңесінің қатысуымен қыз балаларға тағылымды жиын өтті.
Аталған кездесу ұлт тәрбиесінің алтын арқауы – қыз тәрбиесі, әже өнегесі кеңінен насихатталды. Іс-шараның құрметті қонақтары – «Ақ сүт» мөлтек ауданының әжелер кеңесінің төрайымы С.Жубатырова бастаған мектебіміздің бір топ ақ жаулықты әжелеріміз қатысты. Кеш барысында әжелер ұлттық құндылықтардың мән-мағынасы, қазақ қызының көркем болмысы, әдеп пен иба, салт-дәстүр сабақтастығы жөнінде тағылымды ойларымен бөлісті. Шара барысында жақында жарыққа шыққан «Әжелер ұраны» атты гимнін орындап, қазақ қызының бейнесін, әже мен немере арасындағы тәрбиелік байланысты бейнелейтін мазмұнды шара көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Ақ жаулықты аналардың әрбір сөзі – жас ұрпаққа бағыт-бағдар, тәлім мен тәрбиеге толы тағылым болды.
Кездесу соңында әжелер тарапынан қыздардың тәрбиесі мен болашағына, елдің амандығы мен бірлігіне арналған ақ бата беріліп, танымдық кеш тағылымды түйінмен қорытындыланды. Әже өнегесі – ұлт қазынасы. Осындай тағылымды кездесулер жас ұрпақ санасына ұлтты�