Skip to content

Ата-аналар апталығы аясында 09 сәуір күні 5–7 сыныптар арасында «Бақытты…

Ата-аналар апталығы аясында 09 сәуір күні 5–7 сыныптар арасында «Бақытты отбасы – бақытты бала» атты отбасылық сайыс жоғары деңгейде өтті 💫

Іс-шараның басты мақсаты – ата-ана мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты нығайту, отбасы құндылықтарын дәріптеу.

👨‍👩‍👧‍👦 Сайыс барысында қатысушы отбасылар:
✨ «Таныстыру» бөлімінде өздерін ерекше таныстырып,
🎨 «Шебер отбасы» бөлімінде «Менің арманымдағы отбасы» тақырыбында постер қорғап,
🧠 «Зерделі отбасы» кезеңінде логикалық сұрақтарға жауап беріп,
🎭 «Өнер» бөлімінде өз таланттарын паш етті.

Әр отбасы бірлігі мен татулығын, шығармашылығы мен шеберлігін көрсете білді. Іс-шара әсерлі де мазмұнды өтті 🌟

Отбасы – әр адамның жүрегіндегі ең қымбат қазына, мейірім мен жылулықтың мекені ❤️

Осындай игі шаралар ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге үлкен үлес қосады.

Барша қатысушыларға алғыс білдіреміз!
Отбасыларыңызға амандық, бақыт және береке тілейміз 🤍

📌 Ұйымдастырушылар:
мектеп логопеды Алекенова Н.А.
әлеуметтік педагог Туреханова Н.Д.