Skip to content

⚜️Бүгін, 08 сәуір күні Ата-аналар апталығы аясында 5-6-7 кластың қыз…

⚜️Бүгін, 08 сәуір күні Ата-аналар апталығы аясында 5-6-7 кластың қыз балаларына «Шабыт пен шеберлік алаңы» атты тақырыпта ата-аналардың қатысуымен шеберлік сағаты өтті. Шараның мақсаты:
Ата-аналардың шығармашылық қабілеттерін дәріптеу, ата-ана арасындағы байланысты нығайту, тәжірибе алмасу. Ата-аналар тәжірибе бөлісіп, қыз балаларға өз шеберліктерін ұсынды. Іс-шара барысында ата-аналар өз кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, қыз балаларға әртүрлі қызмет салаларын таныстырды. Шеберлік сабағына ата-ана Джолдасбаева Ботагөз Сакеновна қолөнер мен аксессуарлар жасау құпияларын таныстырды; ата-ана Жанузаков Назгүл Кабыловна шаштараз мамандығының қыр-сырын таныстырып, шаш қию үлгісін көрсетті. Ата-ана Жолдыбаева Гүлдана Серікқызы нан ашыту, тәттілерді жасау бойынша тәжірибемен бөлісті. Шеберлік сағатына қатысып, ат салысқан ата-аналарға алғыс білдіреміз.