📚 ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ АРАЛЫҚ АТТЕСТАТТАУҒА ДАЙЫНДЫҚ.
Мектебімізде қорытынды және аралық аттестаттауға дайындық жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Оқу бағдарламаларына сәйкес пәндер бойынша білім алушылардың білім деңгейін арттыруға бағытталған қосымша сабақтар, кеңестер мен қайталау жұмыстары ұйымдастырылды.
Мұғалімдер тарапынан әр оқушыға жеке қолдау көрсетіліп, білім олқылықтарын толықтыруға ерекше назар аударылуда. Сонымен қатар, оқушылардың психологиялық дайындығын қамтамасыз ету мақсатында түсіндіру және бағыт-бағдар беру жұмыстары да жүргізілуде.
🎯 Мақсатымыз – әр білім алушының өз мүмкіндігін толық жүзеге асырып, аттестаттаудан жоғары нәтиже көрсетуіне жағдай жасау!

KZ

