⚜️Бүгін, 01 сәуір күні, мектеп ұжымына «Кәмелетке толмағандар арасында экстремизм мен терроризм профилактикасының 2024–2026 жылдарға арналған жол картасын» орындау аясында «Экстремизм мен терроризмнің алдын алу – қоғам қауіпсіздігінің кепілі» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру шарасы өтті.
Шара барысында жастар тәрбиесіндегі дін мәселелері, әлеуметтік желіде деструктивті діни ағымның ықпалынан сақтандыру, дін саласына қатысты заңнамалары, экстремизм мен терроризмнің себеп-салдары, алдын алу шаралары талқыланды.
Өткізген: ДТЖЖО Карагулова С.Н.
KZ



