Skip to content

⚜️«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында 26 наурыз күні мектебімізде «Ата-аналарды педагогикалық…

⚜️«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында 26 наурыз күні мектебімізде «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» жұмысының іске асырылуы аясында 10–11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Жеке қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында кезекті сабақ өткізілді.

🔹Мақсаты: жасөспірімнің жеке қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру мәселелерінде ата-аналардың құзыреттілік деңгейін арттыру.

🔹Ұлттық құндылықтар мен жеке қасиеттер: достық, махаббат, сенім, қамқорлық, адалдық, мейірімділік, жауаптылық, жауапкершілік, өзара көмек.

🔹Күтілетін нәтижелер:
1. Ата-аналар жасөспірімнің жеке қауіпсіздігі мәдениетін дамытуға күш салады;
2. Жасөспірімнің жеке қауіпсіздік мәдениетінің шарттары туралы ата-аналардың түсініктері кеңейеді;
3. Ата-аналар жасөспірімнің жеке қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастырудың нақты әдістері мен тәсілдерін меңгереді.