Skip to content

⚜️«Мұғалімдердің кәсіби қабілеттіліктерін дамытудағы авторлық бағдарлама жазудың рөлі» тақырыбындағы кезекті…

⚜️«Мұғалімдердің кәсіби қабілеттіліктерін дамытудағы авторлық бағдарлама жазудың рөлі» тақырыбындағы кезекті әдістемелік кеңес отырысы өтті.
Отырысы барысында мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыруда авторлық бағдарламалардың маңыздылығы туралы , авторлық бағдарламаларды әзірлеудің құрылымы мен мазмұны бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Педагогтерге өз тәжірибелеріне негізделген авторлық бағдарламалар дайындау ұсынылды. Бағдарламалардың мұғалімдердің кәсіби дамуына, шығармашылық ізденісіне және оқу үдерісін жетілдіруге ықпал ететіні атап өтілді. Педагогтердің тәжірибесін жүйелеу, оқытудағы жаңа әдістерді енгізу арқылы білім сапасын арттырудың маңыздылығы талқыланды.