Skip to content

⚜️16-наурызда бракераж комиссиясы тексеру жұмысын жүргізді. Комиссия жұмысының мақсаты-мектеп асханасының…

⚜️16-наурызда бракераж комиссиясы тексеру жұмысын жүргізді.
Комиссия жұмысының мақсаты-мектеп асханасының жұмысында тұрақты бақылауды қамтамасыз ету. Тамақтану сапасының мониторингі жөніндегі комиссияның міндеттері мыналарды бақылау болып табылады:
– ас блогында, асханада жұмысты ұйымдастыру;
– тамақ өнімдерінің сапасы, оларды тасымалдау, жеткізу, түсіру, сақтау шарттары;
– өнімдерді сату мерзімдері;
– тағам дайындау сапасы;
– тағамның балалардың негізгі тағамдық заттарға физиологиялық қажеттіліктеріне сәйкестігі;
– ас блогы қызметкерлерінің жеке тазалық ережелерін сақтауы.

Тексеру барысында бұзушылықтар анықталған жоқ.Күнделікті мәзірдің құрамы бекітілген ыстық тамақ мәзіріне сәйкес келеді. Дайындалған өнім санитарлық нормаларға сәйкес келеді. Комиссия асхана қызметкерлерінің азық-түлік және энергетикалық құндылықтың санитарлық ережелерінің талаптарын сақтағанын анықтады.